Маңғыстаумұнайгазда цифрлық жобалар көлікті басқару тиімділігін арттыруда
11.11.2026
Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ операциялық тиімділікті арттыруға бағытталған цифрлық жобаларды жүйелі түрде іске асырып келеді.
ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да «Сапарларды басқару» ақпараттық жүйесі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді. Бұл жүйені ҚМГ мен «KMG Digital» ЖШС бірлесіп әзірледі.
Платформа өндірістік бөлімшелерді, диспетчерлік қызметтерді және көлік ұйымдарын біртұтас цифрлық жүйеге біріктіреді. Сонымен қатар өтінім беру мен келісуден бастап техника мен жүргізушілерді белгілеу, өтінімдердің орындалуы мен жабылуын бақылауға дейінгі барлық кезеңді қамтиды. Процестерді автоматтандыру қағаз құжат айналымын және күнделікті операцияларды қысқартуға, өтінімдерді өңдеуді жеделдетуге, көлікті бөлу ашықтығын және бақылаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күнге дейін:
- көлікті пайдалануға 1 229 өтінім келіп түсті және өңделді;
- жүйеге 97 адам қосылды, оның ішінде өндірістік цехтардың 85 өкілі және 12 автоколонна жұмысшысы;
- платформада 744 көлік құралы есепте тұр.
Жалпы өтінім санының 865-і «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасына, 364-і «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасына тиесілі.
Жүйені дамыту жұмыстары әлі де жалғасуда. Алдағы жоспар бойынша оның функционалды мүмкіндіктері кеңейтіліп, корпоративтік процестермен біріктіріледі.
Бұған дейін осындай жүйе «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, сондай-ақ мұнай сервистік ұйымдар «Oil Services Company» ЖШС, «Oil Construction Company» ЖШС мен «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-де іске қосылған болатын.